«МедКор» компаниясы — кардиохирургия, интервенциялық қан тамыр, периферия және нейро рентгенхирургиясы, классикалық және шағын инвазиялы нұсқалардағы жалпы хирургия, урология, онкология, реанимация және анестезиология бөлімдері мен қызметтеріне арналған медициналық техниканың және құрал-саймандар мен шығын материалдарының қазақстандық жеткізушісі.

«Медкор» ЖШС келесі әлемдік өндірушілердің ҚР аумағындағы эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады:

  • Biosensors International (Швейцария);
  • Asahi Intecc (Жапония);
  • Microvention (АҚШ);
  • Edwards Lifesciences (АҚШ);
  • Vygon - Perouse Medical (Франция);
  • NOxBOX (Великобритания);
  • Medistim (Норвегия);
  • Angiodroid (Италия);
  • Straub Medical (Швейцария);
  • Fcare Systems (Бельгия).

Сонымен қатар, компанияның миссиясымен тек медициналық мақсаттағы өнімдерді жеткізу ғана емес, сондай-ақ медициналық шығын материалдарын тегін негізде гуманитарлық көмек түрінде жеткізу, дәрігер-мамандардың кедендік одақ пен шетелдегі озық медициналық орталықтарда оқытылуын ұйымдастыру, халық арасында өткізілетін ағарту және алдын алу жұмыстарына қатысу да қарастырылған. Жұмысымыздың осы бағыттары медициналық техниканың және құрал-саймандар мен шығыс материалдарының жоғарыда көрсетілген ірі әлемдік өндірушілерінің бақылауында, бірлесіп өткізіледі.