«Медкор» ЖШС 2009 жылы құрылған

Құрылған күнінен бастап, компания емдік-профилактикалық мекемелерді жоғары деңгейлі медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайтын жоғары сапалы, заманауи техникамен және шығын материалдарымен жабдықтауды өзінің басты мақсаты етіп таңдады.

Қазақстан Республикасының кардиохирургиялық емханаларын жабдықтау үшін медициналық техника мен шығын материалдары саласындағы әлемнің үздік өндірушілерінің ең заманауи жетістіктері негізге алынды. Сол арқылы дәрігерлердің жоғары медициналық технологиялар саласындағы қажеттіліктеріне сәйкес ұсыныстар кешені әзірленді.

Мақсатты нарық және тапсырыскерлер:

  • кардиохирургиялық орталықтар;
  • интервенциялық эндоваскулярлық бөлімшелер;
  • қан тамыр хирургиясы бөлімшелер;
  • реанимация бөлімшелер;
  • травматологияның бөлуi.

«Медкор» ЖШС келесі әлемдік өндірушілердің ҚР аумағындағы эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады:

  • Biosensors International (Швейцария);
  • Asahi Intecc (Жапония);
  • Microvention (АҚШ);
  • Edwards Lifesciences (АҚШ);
  • Vygon - Perouse Medical (Франция);
  • NOxBOX (Великобритания);
  • Medistim (Норвегия);
  • Angiodroid (Италия);
  • Straub Medical (Швейцария);
  • Fcare Systems (Бельгия);
  • Osteonic (Южная Корея).

Біздің команда:

Компанияның қызметкерлер штаты жоғары білікті мамандардан құралған.Біздің мамандарымыз сізге кәсіби кеңес беріп, қажеттілігіңізге сәйкес жабдықтар мен шығын материалдарын таңдап береді.

Сонымен қатар, біз тапсырыс берушілерімізге сервистік қолдау көрсетіп, тренингтер өткіземіз.

Компаниямызбен ұсынылатын медициналық жабдықтар мен шығын материалдарының барлық қажетті сертификаттары бар және олар ҚР Стандарттау талаптарына толық сәйкес келеді.