«МедКор» компаниясы — кардиохирургия, интервенциялық қан тамыр, периферия және нейро рентгенхирургиясы, классикалық және шағын инвазиялы нұсқалардағы жалпы хирургия, урология, онкология, реанимация, травматологияның бөлуi және анестезиология бөлімдері мен қызметтеріне арналған медициналық техниканың және құрал-саймандар мен шығын материалдарының қазақстандық жеткізушісі.
«Медкор» ЖШС келесі әлемдік өндірушілердің ҚР аумағындағы эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады:
- Biosensors International (Швейцария);
- Asahi Intecc (Жапония);
- Microvention (АҚШ);
- Edwards Lifesciences (АҚШ);
- Vygon - Perouse Medical (Франция);
- NOxBOX (Великобритания);
- Medistim (Норвегия);
- Angiodroid (Италия);
- Straub Medical (Швейцария);
- Fcare Systems (Бельгия);
- Osteonic (Южная коеря).
Сонымен қатар, компанияның миссиясымен тек медициналық мақсаттағы өнімдерді жеткізу ғана емес, сондай-ақ медициналық шығын материалдарын тегін негізде гуманитарлық көмек түрінде жеткізу, дәрігер-мамандардың кедендік одақ пен шетелдегі озық медициналық орталықтарда оқытылуын ұйымдастыру, халық арасында өткізілетін ағарту және алдын алу жұмыстарына қатысу да қарастырылған. Жұмысымыздың осы бағыттары медициналық техниканың және құрал-саймандар мен шығыс материалдарының жоғарыда көрсетілген ірі әлемдік өндірушілерінің бақылауында, бірлесіп өткізіледі.