2018 жылғы 8–9 желтоқсан
2018 жылдың 8-9 желтоқсан аралығында Алматы қаласының «Орталық клиникалық ауруханасы” АҚ дәстүрге айналған дискуссиялық нейрокурс болып өтті. Бұл курстың тақырыбы: «Ишемиялық инсульт. Механикалық тромбэктомия бойынша тәжірибелік курс. Ауыру синдромдарын емдеу. Эпилепсия хирургиясындағы жаңалықтар. Жұлын нейрохирургиясы: ауыр науқас» болды. Бұл шара осымен үшінші рет қатарынан өткізіліп отыр.
Оған түрлі салада маманданған дәрігерлер қатысты: нейрохирургтар, эндоваскулярлық рентгенхирургтар, неврологтар, функционалдық диагностика дәрігерлері, нейрофизиологтар, онкологтар, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген Денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар. Германиядан, Ресейден, Белорусьтан, Латвиядан және өзге де елдерден келген шетелдік қонақтар да белсенділік танытты. Бұл нейрокурстың басты нәтижесі мен жетістігі – салааралық болуы, ақпарат алуан салада маманданатын дәрігерлерге қызық және қажет.
Шараның алғашқы күні ишемиялық инсульт проблемасын талқыға салуға арналды. Осы проблемаға қатысты барлық сұрақтар қарастырылды. Курстың алғашқы күнінің трансляциясын сілтеме бойынша қарай аласыз: https://youtu.be/JguX6OQiWB0
Karlis Kups (Рига қ.) баяндамасында ишемиялық инсультты емдеудің Латвияда қолданылып жүрген заманауи эндоваскулярлық амалдары туралы айтылды. Шығыс Қазақстан облысының бас неврологы (Өскемен қ.) Елена Айнабекова неврологтардың инсульттың ауыр түріне қатысты көзқарастары жайында баян етіп, өңірдің жедел диагностика және науқасты қажетті медициналық көмек көрсету үшін дереу жеткізу бойынша жетістіктерімен бөлісті. Эндоваскулярлық хирург Куатжан Абишов (Өскемен қ.) инсульттың аса ауыр түрі проблемасын рентгенхирург тұрғысынан талқылап берді.
Церебралдық вазоспазманы эндоваскулярлық емдеу мүмкіндіктері Марат Саршаевтың (Алматы қ.) баяндамасында айтылды. Азамат Жайлганов (Астана қ.) САК бар науқастарды дренаждау жүйесі жайлы айтып берді.
Бауржан Орманов (Алматы қ.) курсқа келгендердің назарын толық зерттеліп болмаған ашық овал терезесі және криптогендік инсульт мәселелеріне аударды.
Меруерт Сайфуллақызы (Астана қ.) дайындаған баяндамада инсультты жедел диагностикалау және оның нейровизуализациясы үшін Президент істері басқармасының медициналық орталығының ауруханасында қолданылатын әдістер жайында айтылды.
Сателлиттік симпозиуға хирургиялық жұмсалмалы материалдарды өндіруші-компаниялар мен дистрибьюторлар да қатысты. Cristoph Welp (Германия) Microvention компаниясы шығарған (АҚШ) дистальды қолжетімділікті қамтамасыз ететін Sofia катетерінің, Sofia plus аспирациялық катетерінің қасиеттері мен қолдану мүмкіндіктерін мәлімдеді.
Трансляция бойынша әрі қарай берілген операциялар да барынша қызық және мәнді болды.
Өте қызық және сирек кездесетін клиникалық жағдайлармен Кирилл Орлов (Новосибирск қ.), Евгений Киссурин (Минск қ.), Азат Шпеков (Астана қ.) сияқты танымал хирургтар бөлісті.
Баяндамалар мен операцияларды талдауға зал түгел қатысты, көптеген сұрақтар қойылды.
Құрылғыларды пайдалану мен жұмсалмалы материалдарды пайдалану бойынша тәжірибелік дағдыларды жаттықтыру бойынша жүргізілген жаттығу аса пайдалы болды. Атап айтар болсақ, дәрігерлерге симулятордағы жаңа, дистальды эмболия профилактикасына арналған EmPro (Microvention, АҚШ) құрылғысы берілді. Оны таныстырған Cristoph Welp (Германия) және Aija Plinka (Латвия) (суретте).
Шараның екінші күні де қарқынды өтті. Иван Волков (Санкт-Петербург қ.), Татьяна Острецова (Ақтөбе қ.) және өзге де лекторлар аурудың терапиясы мәселесіне тоқталды. Азат Шпеков (Астана қ.) эпилепсияның жедел емделуіндегі жетістіктермен бөлісті. Хирургиялық операциялар жасалды. Симуляторлардағы жұмыстар жалғасты. Нейрокурстың екінші күнінің трансляциясын сілтеме бойынша қарай аласыз: https://youtu.be/W90dy67Qa7I.
Сөз сөйлегендер өз қорытындыларында бір ауыздан өткен нейрокурс деңгейінің өте жоғары екендігін айтты, күн тәртібінің аса қызықты және дайындық барысының барынша мұқият екендігін атады, шараның ұйымдастырушыларына (суретте) – Мыңжылқы Сайлауұлы Бердіқожаев басқаратын «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургия орталығының қызметкерлеріне алғыстары мен разылықтарын білдірді.
Жаңалықтар көзі: https://youtu.be/JguX6OQiWB0 , https://youtu.be/W90dy67Qa7I