2019 жылғы 1–2 наурыз

2019 ж. 1-2 наурызында Алматы қаласында «Қазақстандағы эндоваскулярлық нейрохирургияның үздік технологиялары» Халықаралық симпозиумы өтті. Бұл маңызды іс-шараны «Медкор» ЖШС MicroVention (АҚШ) және ASAHI INTECC (Жапония) өндіруші компаниялармен бірлесіп өткізді.

Іс-шара нейроэндоваскулярлық хирургияның өзекті мәселелеріне арналды: бас мының аневризм эмболизациясы, каротидтік және бас сүек ішінде стенттеу, ишемиялық инсултты тромбоаспирациялық емдеу.

Іс-шараның бірінші күні модератор болғандар: Дмитрий Щеглов (Эндоваскулярлық нейрорентгенхирургия ҢТО, Киев, Украина), Ербол Махамбетов (Нейрохирургия ҒО, Астана, Қазақстан), Мынжылкы Бердиходжаев (Орталық клиникалық аурухана, Алматы, Қазақстан).

Ербол Махамбетов іс-шараны ашып, негізгі мақсаттарымен және жоспарымен таныстырды.

Дмитрий Щеглов толық және мәнді баяндамасында бас миындағы тамырлар патологиясын емдеудегі өзінің тәжірибесі жайлы айтты. Ол емдеудің барлық негізгі заманауи амалдары мен тәсілдеріне тоқталып өтті.

Aija Plinka (Рига, Латвия) мен Monica Percolla (Милан, Италия) нейроэндоваскулярлық технологияларды дамытудың негізгі бағыттарды жайлы айтты.

Үздік қазақстандық нейроэндоваскулярлық хирургтардың баяндамаларында жоғарыда аталған паталогияларды емдеудің іс жүзіндегі тәжірибесі талданды.

Іс-шараның бірінші күні қатысушылардың құрметіне ұйымдастырылған салтанатты кешкі-аспен аяқталды.

Іс-шараның екінші күні аневризм мен каротидтік стеноздарды эндоваскулярлық емдеу шеберлік сағатына арналды. Ол Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында өтті. Көрнекілік хирургиялық операциялар жасалды (оператор және ұйымдастырушыНейрохирургия орталығының жетекшісі Мынжылкы Бердиходжаев) және олардың нәтижелері талқыланды. Дәрігерлер ағымдыө моделдерге негізделген эндоваскулярлық нейрохирургия дағдыларын үйрену мүмкіндігіне ие болды.

Шеберлік сағаты жайлы бейнематериалдарды төмендегі сілтемелер бойынша қарай аласыз:

1өлім: https://youtu.be/yRTfb17j9LA 

2өлім: https://youtu.be/THxCbC9P2nQ 

3өлім: https://youtu.be/QWSutIBw4Yc 


Жаңалықтар көзі: https://youtu.be/yRTfb17j9LA

← Барлық оқиғалар