2017 жылғы 15 ақпан

Морж қ., Швейцария, 2017 жылғы 15 ақпан: медициналық бағыттағы инновациялық өнімдерін өткізу нарығында құрастырушы, өндіруші және қатысушысы болып табылатын «Biosensors International Group, Ltd.» компаниясы (мәтін бойынша ары қарай «Biosensors» компаниясы немесе «Компания») бүгін «LEADERS FREE II» жаңа базалық зерттеуде қатысуға бірінші американдық емделушінің тіркелгені туралы хабарлайды. Осы зерттеудің мәні BioFreedom® жаңа стендін зерттеу болып табылады. Зерттеу зерттелетін өнімдерді ұсынатын АҚШ-тың ас өнімдерін және дәрілік заттарды бақылау бойынша басқармасының талаптарынан босату шартарында өтетін болады. Бұл зерттеуде АҚШ, Канада, Дания, Франция, Германия, Италия және Ұлыбритания аумақтарында орналасқан орталықтар қатысатын болады.
Осы уақытқа дейін құрамында дәрілік заттары бар BioFreedom стенті АҚШ-тың сыртында орналасқан 40 елдің аумағында 150000 емедлушіден аса имплантацияланған. АҚШ-тағы «LEADERS FREE II» зерттеуін өткізудің басталуы дәрілік заттары бар BioFreedom стентін тіркеу туралы шешімге алып келетін жолдың маңызды кезеңі болып табылады. «LEADERS FREE» зерттеулеріндегідей, зерттелетін өнімдерге ұсынылатын АҚШ-тың ас өнімдерін және дәрілік заттарын бақылау бойынша басқармасының талаптарынан босату шарттарында өтетін АҚШ-тың бұл жаңа базалық зерттеуіндегі қан кетудің дамуының жоғары қауіпінің тобына жататын, ұзақтығы бір айға созылатын ультрақысқа екі еселі антитромбоциатрлық терапиясын өтіп жүрген емделушілерге терапиялық көңіл бөлінетін болады.
Өткен аптада профессор Professor Keith Oldroy «LEADERS FREE II» зерттеуінде тіркелген бірінші американдық емделушіге имплантация бойынша бірінші операццияны жасады. Операция Голден Джубили Нешнел (Глазго қ., Шотландия) ауруханасында жасалды. Профессор: «Біз құрамында дәрілік заттары бар (Зерттелетін өнімге ұсынылатын АҚШ-тың ас өнімдерін және дәрілік өнімдерін бақылау бойынша басқармасының талаптарынан босату шарттарындағы) BioFreedom стентінің базалық зерттеуінде қатысатын еуропалық топтың мүшесі болғанымызға қуаныштымыз. Қан кетудің жоғары қауіпінің тобына жататын емделушілерді емдеу әдістерін зерттеуге,сондай-ақ американдық емделушілерге арналған BioFreedom стенттерінің қолжетімділігін арттыру үшін тәжірибені дамытуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз», — деп мәлімдеме жасады.
Зерттеу осы зерттеудің басты зерттеушісі болып табылатын Дьюк Университетінің (Жаңа Каролина штаты, АҚШ) қызметкері, доктор Mitchell W. Krucoff және Еуропа аумағында басты зерттеушінің көмекшісі болып табылатын La Tour (Женева, Швейцария) ауруханасының қызметкері, доктор Philip Urban басшылығымен өтеді. Жұмыс Дәрігерлік Комиссияның төрағасы Колумбия Университетінің (Нью-Йорк) қызметкері, доктор Marty Leon болып табылады. Доктор Urban: «„LEADERS FREE” зерттеуінің нәтижелері дүние жүзіндегі қан кетудің дамуының жоғары қауіпінің тобына жататын емделушілерінің емделу сапасын арттыру қажеттілігін көрсетеді. BioFreedom стентін құрастыруының арқасында «Biosensors» компаниясы көңіл бөлінбеген емделушілер популяциясының қанағаттандырылмаған қажеттіліктерінің мәселесінің шешімін тапты», — деп мәлімдеді.
BioFreedom™ стенті туралы
BioFreedom™ стенті — «Biosensors» компаниясының стенттеу технологиясының саласындағы соңғы өндірісі. Бұл стент полимерлерді немесе өткізгіштерді пайдаланудың қажеттілігісіз 9™ биолимусының шығуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ерекше микроқұрылымдық аблюминалды қабатқа ие. 9™ биолимусы «Biosensors» компаниясы арнайы стенттер құрамында пайдалану үшін өндірген рестеноздардың дамуының алдын алуға бағытталған әсері бар жоғары лиофилді дәрілік зат болып табылады. BioFreedom™ стенті 9™ биолимус дәрілік затын шығаратын полимері бар әлемдегі бірінші стент болып табылады.
Толық ақпарат алу үшін www.biosensors.com сілтемесі бойынша өтіңіз.
БАҚ үшін байланыс тұлғасы:
Frederick Hrkac
Жаңалықтар көзі: www.biosensors.com
